Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘРІСТЕР НИКЕЛЬ МЕН КОБАЛЬТ СИЯҚТЫ ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ҚЫЗЫҒЫП ОТЫР

КӘРІСТЕР НИКЕЛЬ МЕН КОБАЛЬТ СИЯҚТЫ ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ҚЫЗЫҒЫП ОТЫР


«Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик мырзамен кездесті. Онда тараптар елдер арасындағы геологиялық барлау саласы бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы елшінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандырудағы қызығушылығына айрықша тоқталып, оны жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады.
–Қазіргі уақытта геологиялық барлау саласына әлемдік компаниялар тартылуда. Тіпті қазірдің өзінде бірқатар трансұлттық және ірі шетелдік тау-кен өндіру компаниялары жұмыс істеп жатыр. Әлемдік инвесторлардың бірі –  оңтүстік кореялық «Korea Resources Corporation» ұлттық компаниясы 2015 жылдан бері Қарағанды облысының Дюсембай учаскесінде полиметалл кенін барлау жобасын іске асыруда. Өткен жылы Қазақстан-Корея бизнес-форумы аясында Кореяның KIGAM Геологиялық ғылымдар және минералдық ресурстар институтымен геологиялық барлау жұмыстары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, –деп атап өтті Ғалым Нұржанов.
Ким Дэсик мырза басқа да ірі инвестициялық компаниялардың Қазақстанмен жұмыс істеуге деген құлшыныстары мен серіктестер арасындағы нәтижелі жұмыстарды атап өтіп, геологиялық барлау саласын дамытуда «Қазгеология» АҚ-ның атқаратын рөлі үлкен екенін айтты.
–Өткен жылы мен шетелдік инвесторлар кеңесінің 30- пленарлық отырысына қатысқан едім. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев әлемде сирек кездесетін жер металдарын қолданатын технологиялардың қалай белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстанда сирек кездесетін металдардың, соның ішінде литийдің үлкен қоры бар. Қазақстан Республикасының Үкіметімен осы секторды бірлесіп инвестициялау туралы ұсынысты қарау мәселесін Корея Республикасының жаңа үкіметі назардан тыс қалдырған жоқ. Біз никель мен кобальт сияқты элементтерге қызығушылық танытамыз. Өйткені онсыз бүгінгі күні аккумуляторлар мен батареяларды шығару мүмкін емес, – деді Ким Дэсик мырза.
Елші «Қазгеология» АҚ-на инвестициялық геологиялық барлау жобаларын іске асыруда  кореялық мырыш, LG Chem, Daewoo және POSCO компанияларымен ынтымақтастық орнату үшін көмектесуге дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Кореяның геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастығы өзара түсіністік пен сенімділіктің дәстүрлі бағытымен дами беретініне сенім білдірді.
Кездесуге Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігі бастамашы болды.
Еркін ҚАЛДАН
19 қаңтар 2018 ж. 1 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031