Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Шымкентте «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Шымкентте Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай түсірілген «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Туындыда түбі бір туысқан қазақ-өзбек халықтарының тәуелсіздік жылдарындағы бауырластыққа негізделген тарихи қарым-қатынасы мен тамыры тереңде жатқан бекем байланыстары баяндалады. Сондай-ақ екі ел басшыларының кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтар, бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі көрсетіледі. Салтанатты шараға Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысты. ҚР Президентінің телерадио кешені дайындаған деректі фильм ел аймақтарында және көршілес Өзбекстанда көрсетілмек. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Өзбекстанда 800 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Ал Қазақстандағы өзбек этносы өкілдері 550 мыңға жуықтайды. Зауытбек Тұрысбеков, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары: - Өзбек қазақ бауырлас ел. Бабаларымыз айтқан, «өзбек өз ағам» деп. Мінекей осы екі жылды екі мемлекеттің Елбасы Өзбекстан мен Қазақстан жылы деді. Жоспарымызда Ташкенттің төңірегінде Өзбекстан мен Қазақстанның кәсіпкерлерінің басын қосып, біріккен бизнес жасауымыз керек.

www.24.kz
15 қараша 2018 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930