Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді

Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді

Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰТО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Айта кетейік, әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. Биыл елімізде жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлді.
«Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады», делінген хабарламада.
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Еске сала кетейік, жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.


06 тамыз 2024 ж. 134 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031