Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 мыңға жуық түлек педагог оқуын таңдаған – Министрлік

25 мыңға жуық түлек педагог оқуын таңдаған – Министрлік

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 мыңға жуық түлек педагог оқуын таңдаған – Министрлік


Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (38 мың), Астана (20 мың) және Шымкент (6 мың). 
Талапкерлер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар – «Педагогикалық ғылымдар» (25 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (13 мың).
Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» - 11 мың. Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» - 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», оны 4 мың талапкер таңдаған.
21 шілде 2024 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30