Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талапкер таңдауы қандай?

Талапкер таңдауы қандай?



Күні кешегі мәлімет бойынша білім грантын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш түскен. Мұнда талапкерлердің басым бөлігі республикалық маңызы бар үш қаладағы жоғары оқу орындарына үміт етіп отыр. Айталық, Алматыға 34 мың өтініш түссе, Астанаға 16 мың, Шымкентке 5 мың талапкер оқуға баруды қалайды.

Талапкерлер арасында сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) болып отыр. Ал білім беру бағдарламаларының тобында ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» – 9 мың.

Сонымен қатар «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» мамандығын таңдағандар да аз емес. Бұл санатта 5 мың өтініш бар.  Үшінші орында «Медицина», оны 4 мың талапкер таңдаған.

Жалпы грант конкурсына өтініш қабылдаудың соңғы күні – бүгін, яғни 20 шілде. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асады. Бұл ретте ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
20 шілде 2023 ж. 132 0