Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады

Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады

Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтадыҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинаған екінші талапкер – Ақмола облысы Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанованы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жетістік IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке алу арқасында мүмкін болды.
«Айым Ержанованы ерекше жетістігімен құттықтаймын. Бұл - қажырлы еңбек пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздің жетістігіңіз барлығымызды шабыттандырады және жас таланттардың халықаралық аренада үлкен биіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді. Сізге оқуда және болашақ мансапта одан әрі табыс тілеймін!», деді министр.
Министрмен кездесуге Айымның жақындары да келді, олар ҰБТ нәтижесін білгенде қатты қуанғанын және үміттері ақталғанын айтты.

30 шілде 2024 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031