Биылғы ҰБТ кезінде өзгерістер бола ма?
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу қалай өтетінін түсіндірді.
Биыл біз түбегейлі өзгерістер жасамаймыз. Енді ҰБТ тапсырудың бес кезеңі бар. Естеріңізде болса, бұрын бәрі бір күнде өтетін. Осының салдарынан балалар күйзеліске түсетін, үлкен жүктеме болды. Биыл тестілеу бес рет болады, яғни екеуі ақылы түрде ұйымдастырылады. Қаңтар айындағы тестілеуге 130 мыңға жуық адам қатысты. Енді наурыз айындағы тестілеу бар. Екі ақылы тестілеу кезінде бала өз күшін сынап көреді, өзінің әлсіз жақтарын түсінуге мүмкіндігі бар. Екі негізгі тест мамырдан шілдеге дейін созылады және бала тіркелген осы екі кезеңнің ішінде ең жоғары балл арқылы грантқа үміткер бола алады. Тамыз айында бесінші кезең де бар. Бұл ақылы оқуға түсетін немесе тапсыруға үлгермегендерге, сонымен қатар халықаралық университеттердің нәтижесін күтіп жүргендерге арналған. Жалпы, кейінгі кезде ҰБТ-ға қатысты келеңсіз жағдайлар, суицидтер кездесіп жатқан жоқ, — деді Саясат Нұрбек парламент мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл ретте министр биылғы ҰБТ-да қандай нақты өзгерістер болатынын айтты.