Бурабайдағы Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынуы мүмкін
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Бурабайдағы Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салу туралы ұсынысқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл ақылға қонымды ұсыныс. Бүгінде жартасқа баруға және онда жүзуге тыйым салынбайды. Бірақ тас мүсіндерді бояуға тыйым салынады. Дегенмен, мен бұл фактілердің (вандализм актілері) көбеюіне байланысты дұрыс ұсыныс деп санаймын. Бұл жартасқа баруға тыйым салу туралы шешім қабылдау қажет», деді деді Ерлан Нысанбаев.
Айта кетейік, 2024 жылдың 6 маусымында Ақтау тұрғыны Нұркен Тәжібай әлеуметтік желіде Бурабайдың басты көрікті жері – Жұмбақтас жартасы бейнеленген видео жариялаған. Видеода автор Жұмбақтастың сұлулығына емес, сыртқы түріне мән беріп, қарауды өтінген. Расында да видеодан жартасқа жазылған түрлі жазуларды байқауға болады.