Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сене беруге болмайды". Экология министрі жаңбыршы Алтай Айнабек туралы пікір білдірді

"Сене беруге болмайды". Экология министрі жаңбыршы Алтай Айнабек туралы пікір білдірді

"Сене беруге болмайды". Экология министрі жаңбыршы Алтай Айнабек туралы пікір білдірді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «жаңбыршы»  атанып кеткен Алтай Айнабектің жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі “Алтай Айнабек соңғы уақытта әлеуметтік желіде көп талқыланып жүр. Сіздер оның Аралды толтыру жобасына қатысты қандай баға бересіздер? деп сұрады.
Нысанбаевтың сөзінше, онсыз да бұл күндері Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңбыр жауу керек еді. Жалпы министр алғашқы 10 күнге берілген болжам әркез нақты болатынын айтады. Еске сала кетейік, соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қолдан жаңбыр жауғызды" деген Алтай Айнабектің еңбегі қызу талқыға түскен еді. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі Алтайдың өзіне хабарласып, жұмысы жайлы сұрап көрген болатын. 
30 шілде 2024 ж. 86 0