Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтай Көлгінов: LRT құрылысы менің құзыретіме жатпайды

Алтай Көлгінов: LRT құрылысы менің құзыретіме жатпайды

Премьер-министрдің орынбасары, Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT құрылысы туралы пікір білдірді.



«LRT жобасы менің құзыретіме жатпайды, мен оны қадағаламаймын. Бұл әкімдік мәселесі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, біз тоқтап қалған құрылысты біршама алға жылжыттық деп айтуға болады. Бұл жобаға шамамен 50 млрд теңге бөлінді. Қала әкімдігі қазірдің өзінде жұмыстарды жалғастырып жатыр», деді А. Көлгінов.
Ол қыста құрылыс қарқыны төмендейтінін атап өтті.
«Мұндағы ең бастысы, бөлінген қаражат бақылауда. Қытай консорциумына қарыздар болған. Олардың жартысы жабылды. Сондай-ақ жылжымалы құрам үшін ақы төленді, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жобаны аяқтау керек», деп түйіндеді ол.
 
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
31 қаңтар 2023 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031