Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада қаржыгерлер аллеясы ашылды

Астанада қаржыгерлер аллеясы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды. Биыл елордада 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

Елордада дәстүрлі күзгі ағаш отырғызу жалғасып жатыр. Биыл жалпы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаш, бұта, көшет) отырғызамыз. Осылайша, қалада көбірек «жасыл аралдар» мен экологиялық аймақтар ашылды, сол сияқты тақырыптық алаңдарды абаттандырып, ашамыз - деді әкім.
Бүгін оң жағалауда Қаржы министрлігі ғимаратының алдына ағаштар отырғызылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қаржы министрлігі қызметінің 100 жылдығына орайластырылған қаржыгерлер аллеясын аштық. Министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері де, еңбек ардагерлері де қатысты. Біз қаланың барлық ауданына отырғызамыз, оның ішінде көрікті тұстарға, театрларға және өзге де орындарға ағаштар отырғызамыз. Экологияның жақсаруына үлес қосқан әрбір жанға алғыс айтамын!,- деп жазды Алтай Көлгінов. https://baq.kz
23 қазан 2021 ж. 495 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930