Елімізде киікті атуға тағы тыйым салынды
Министр киіктердің санын реттеу тоқтатылғанын айтты.
Елімізде 10 ақпаннан бастап киік атуға тағы тыйым салынды. Бұл туралы Мәжілісте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
Ведомство басшысы киіктердің санын реттеу тоқтатылғанын, енді биыл оны атуға мүлде рұқсат берілмейтінін ескертті.
Еске сала кетсек, былтыр күзде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Ауыл шаруашылығына зиян тигізіп жатыр» деген желеумен киіктің санын азайту үшін атуға рұқсат берген болатын.
2023 жылғы мамырдағы дерек бойынша, Қазақстанда киік саны 1,9 миллионға жеткен.
halyq-uni.kz
Фото: gov.kz/Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық, – деді ол.Министр елімізде реликттік бөкен популяциясының көбеюі мүмкін екенін атап өтті.
Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият, егжей-тегжейлі санақ жасалады. Болжам бойынша 40 пайызға өсті деп айта аламын. Былтыр киік 2,5-2,6 миллионға көбейді. Ал биыл ол аз төлдейді дегеннің өзінде, 700-750 мың болады деп отырмыз, – деді Ерлан Нысанбаев.Сондай-ақ ол келесі жылы бөкендердің санын реттеуді қайта бастауға болатынын айтты.