Иіліп сәлем салу − табыну емес
Сыйластық ортаны қалыптастырып, үлкендерге құрмет көрсетудің ерекші әдебі саналатын сәлем салу дәстүрінің қазақ халқы үшін қашан да маңызы зор. Сәлем салу − әуелден бері келе жатқан жас келінге жүктелер салт. Сонымен қатар бұл салт сыйластық жібін үзбей, астарындағы тәлімдік мәнін жоймайтын ең берік орныққан дәстүрдің бірі десек те орынды, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінде заман өзгерді ме, әлде адам ба? Бұл дәстүрдің тереңіне бойламай қате пікір қалыптастырып жүрген жандар жетерлік. Сәлем салу − бұл табыну емес. Атам заманнан бері жалғасын тауып келе жатқан үрдісті ширкке балау қате ұғым.
Жалпы сәлем салу, келінге тілек білдіру, сәлемін қабыл алу – Пайғамбардан қалған сүннет деседі. Бірде, соғыста Ханафия есімді қыздың тұтқынға түсіп, Пайғамбарға үш шарт қойған екен. Егер де Пайғамбар осы шартымды орындасаңыз, мұсылман болуға келісімімді беремін деген екен. Әлгі қыздың бірінші шарты − соғыста қызды қолға түсірген батыр Әлиге некелеп қосуды шарт еткен. Екінші шарты − қыздан туылған нәрестеге Пайғамбардың есімі мен қыздың атын қосақтап қоюға рұқсат етуін өтінген. Ал, үшіншісі, Пайғамбарды көргенде иіліп сәлем етемін деген екен. Пайғамбар қыздың барлық шартын орындаған екен. Пайғамбарымыз Ханафия қыздың иіліп сәлем салуына рұқсат етіп, риза болып «бақытты бол!», «ғұмырлы бол!», «көп жаса!» деп бата берген екен. Міне, осыдан бастап жаңа түскен келіннің үлкендерге сәлем салатын дәстүрі пайда болған-ды. Ал, бүгінде үлкендерге көгілдір экранның арғы жағында тұрып сәлем салған келіндерді көріп салт-дәстүрдің өзінің мән-мағынасын жоймағаны көз қуантады. Дәл осындай көріністі тілшіміз Ержан Қожастың Бұл құрмет еді... деген әңгімесінен оқи аласыздар.