Республикалық маңызы бар жолдардың бойында камералар көбейеді
Бүгінгі Үкімет отырысында жолдағы қауіпсіздік мәселесі қаралып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев жыл соңына дейін 7 мың шақырым жол жөнделетінін айтты. Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың 5,4 мың шақырымында орташа жылдамдықты анықтайтын камералар көбейтілмек.
Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жылдамдық талаптарын сақтамау. Бұл көрсеткіш жалпы апаттың 37%-ын құрайды. Көлік министрі ақылы жолдарда орнатылған камералардың орташа жылдамдықты есептеуге мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.
Атап айтқанда, «Астана-Бурабай» тасжолында көліктердің орташа жылдамдығы сағатына 140 км екеніне қарамастан, 180 км жүріп өткен көліктер тіркелген.
«Парламент Сенатының қарауына «Республикалық жолдарда орташа жылдамдықты енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды. Заңды биылғы қазан айында қабылдау жоспарланған. Қазіргі уақытта Бас Прокуратурамен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп орнатылатын камералардың автоматты түрде айыппұл салу тәсілдері пысықталып жатыр. Заң қабылданғанға дейін интеграцияны толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз», деді Марат Қарабаев.