Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпарат ұсынылды.
2024 жылғы 12 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8695 метр жететін су тасқыны болды, - делінген хабарламада.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 618 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 бірлік техника мен 853 адам жұмылдырылған.