Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Бірнеше облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Бірнеше облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:
«Астана-Петропавл» күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
«Астана-Петропавл» күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
«Көкшетау-Омбы» тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;
Батыс Қазақстан облысында:
«Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;
Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:
«Челябинск-Новосибирск» тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
«Астана-Петропавл» тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
«Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
«Көкшетау-Омбы» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.
15 наурыз 2023 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728