Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде боранға байланысты қай жолдар жабылды?

Елімізде боранға байланысты қай жолдар жабылды?

  Қазақстанда боранға байланысты бірнеше жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазавтожол" өкілдері республикалық маңызы бар үш жолдың жабылғанын айтты.
ШҚОҚарағанды және Павлодар облыстарында жолдар жабылғаны белгілі болды.
ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады
"13 қаңтарда сағат 08.30-да қар, бұрқасынға және жол нашар көрінуіне байланысты Омбы-Майқапшағай автожолында Семейден Қалбатау кентіне дейінгі барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
13 қаңтарда сағат 08.00-де Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда-Павлодар автожолында Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
12 қаңтарда сағат 21.30-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран) Қызылорда - Павлодар автожолында Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген "Қазавтожол" хабарламасында.
13 қаңтар 2021 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31