27 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігі жоғарғы қысым ауданының әсерінде болады.
Сол себепті ауа райының басым бөлігі жауын-шашынсыз, тек атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты батыста ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, кей жерде күшті жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл болуы, бұршақ жаууы ықтимал.Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге көтеріледі.
Түркістан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 3 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус аяз сақталады.
Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде өрт қаупі сақталады.