30 жастағы әйел Ертіс өзеніне батып кете жаздаған
Құтқарушылар Өскемендегі Ертіс өзеніне бата жаздаған әйелді аман алып шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Ертіс өзенінің стационарлық құтқару станциясында патруль жүргізген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ерлан Бектұрысов пен Әділет Төреханов жағадан 5 метр қашықтықта көмек сұраған дауысты естіген.
Құтқарушылар көмек көрсетуге асығып, суға батып кете жаздаған 30 жастағы әйелді құтқарып қалды. Қазір келіншектің жағдайы тұрақты, төтенше жағдайдан кейін медициналық ем-домға мұқтаж болмаған.