Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапон сарапшылары Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді

Жапон сарапшылары Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді

Жапон сарапшылары Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейдіЖапон сарапшылары келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде 4 облыс аумағындағы 13 гидротехникалық құрылысты зерттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесу барысында аталған ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Агенттік мамандары биылғы су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған гидротехникалық құрылыстарды тексереді. Бүгінде Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Абай облыстары нысандарына алдын ала визуалды тексеріс өтті.
«Жапондық әріптестерімізге көмектері үшін алғыс айтқым келеді. Тасқын кезінде біздің гидротехникалық нысандар түрлі апаттардың алдын алып, үлкен көлемде суға төтеп берді. Болашақта бұл нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың жай-жапсарын мұқият зерделеп, ықтимал осалдықтарды анықтап, оларды жою жөнінде алдын ала іс-шаралар қабылдау қажет», деді министр Нұржан Нұржігітов. Сондай-ақ тараптар су жіберу деңгейі мен көлемін анықтау үшін есептегіш қондырғыларды орнату туралы ойларын ортаға салды.
22 шілде 2024 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031