Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ СУ РЕСУРСТАРЫ САЛАСЫНДА 37 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

СЫР ӨҢІРІНДЕ СУ РЕСУРСТАРЫ САЛАСЫНДА 37 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

Бүгін Қызылордадағы «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары» атты көшпелі отырыста баяндама жасаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев суармалы суды тиімді пайдаланудағы негізгі міндеттер туралы айтты.
«Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен «Суармалы жүйелер мен гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар» бекітілді. Кешенді жоспарға құны 141 млрд. теңгені құрайтын 37 жоба енгізілді. Ол бойынша 1 млрд. текше метр тасқын суды жинақтауға арналған «Қараөзек» су қоймасын салу жоспарлануда. Су қоймасы салынса Қазалы ауданындағы 31 мың гектар суармалы жерді, 120 мың гектар жайылым мен шабындықтарды және ең маңыздысы вегетациялық кезеңде Кіші Аралды суландыруға болады. Бұл жобалар іске асқанда суды үнемдеуге және үнемделген суды экологиялық мақсаттарға бағыттауға мүмкіндік туады. Еліміздегі су тапшылығын жоюға және су үнемдеу технологияларын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бүгінгі маңызды отырыста жаңа «Су кодексіне» оңтайлы ұсыныстар енгізіледі деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 ақпан 2024 ж. 152 0