Еліміздің су шаруашылығы саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр
Бүгін, 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: kazgazeta.kz
Бүгінгі таңда «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарын қосқанда еліміздің су саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.
Осы орайда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің су шаруашылығы қызметкерлерін құттықтады.

«Су шаруашылығы саласының барлық қызметкерін кәсіби мерекемен құттықтаймын. Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс және шаңырақта бақыт-береке тілеймін. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың арқасында ел азаматтары тіршілік нәрімен, ал ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы ел экономикасын дамыту үшін қажетті су ресурсымен қамтамасыз етілген. Су тасқыны кезінде тәулік бойы жұмыс істеген мамандарға ерекше алғыс білдіремін. Климаттық жағдайларға байланысты биыл түрлі қиындыққа тап болдық. Дегенмен, сіздердің күш-жігерлеріңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында тасқын суын қауіпсіз өткізіп қана қоймай, еліміздің су қоймаларын толтырдық», деді Нұржан Нұржігітов.