Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады

Қазақстанда Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады


Фото: ortcom.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады, деп хабарлайды Kazinform.

Қазіргі уақытта осы қызметті қайта құру мәселесімен айналысып жатқан екі басқармасы бар департамент ашылды. Сондай-ақ Ұлттық гидрогеология қызметінің құрылымы мен жарғылық құжаттары әзірленді. Олар жақын арада Үкіметтің қарауына ұсынылады.
Министрліктің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеология қызметі жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстарын және мемлекеттік мониторинг саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті құзыреттерге ие болады. Жерасты суларын тиімді пайдалану мәселесі ерекше бақылауда болады.

«Болжам бойынша, Қазақстанда жерасты суларының көлемі шамамен 40 текше километрді құрайды, оның ішінде 15 текше километр – пайдалануға дайын қорлар. Қазіргі уақытта ел экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10%-ды құрайды. Біз ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жерасты су ресурстарын белсенді пайдалануға ниеттіміз. Бұл ретте еліміздің жерасты су қорларының сарқылуына және ластануына жол берілмейді», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
17 қараша 2023 ж. 96 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам