Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің жаңа басшысына тапсырма берді

Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің жаңа басшысына тапсырма берді




Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Сартаев Исатай Бақтиярұлын және директордың бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Оразұлын таныстырды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес И.Б.Сартаев ант қабылдады.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтарын белгілеп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін атқару жүктелген болатын.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.
BAQ.KZ САЙТЫ
27 қыркүйек 2018 ж. 1 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031