Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде «Игі істер марафоны» жобасы басталды

Елімізде «Игі істер марафоны» жобасы басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасының басталғанын хабарлады. Бұл бірегей жоба ел азаматтарының волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде «Игі істер марафоны» жобасы басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халқымыздың қанына жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер сіңгенін атап өтті. 
Ұйымдастырушылар «Игі істер марафоны» халықтың жанашырлық қасиеттерін көпке насихат етіп, аталған сөздердің жарқын дәлелі болатынына сенім білдіреді.
Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық  және түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады, бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі салаларына қызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен кең ауқымын қамтиды. «Игі істер марафонының» осы аптасы экологияға арналады. Жобаға қатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.
Марафон қорытындысы бойынша, ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Жобаға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.
09 шілде 2024 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9238)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30