Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық домбыра күні: Елімізде 200-ден астам іс-шара өтті

Ұлттық домбыра күні: Елімізде 200-ден астам іс-шара өтті

Еліміздің әр өңірінде Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық домбыра күні: Елімізде 200-ден астам іс-шара өтті
Фото: gov.kz

Ақмола облысында «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» атты мерекелік концерт өтсе, оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындары «Домбыра – асыл қазына» көшпелі көрмесін тамашалады. Көрмеде Абай Құнанбайұлы, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы және т.б. көрнекті тұлғалар домбырасының көшірмелері ұсынылды.

Жамбыл облысында «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ – домбыра» атты мәдени іс-шаралар мен мерекелік концерттер өтті.

Қазақстанның шығысында «Әнші қала» байқауы басталып, тақырыптық жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысында «Күмбірле, қоңыр домбыра» гала-концерті және мәдениет қайраткерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Қостанай облысында да «Күмбірле, қоңыр домбыра» іс-шарасы және облыс домбырашылары арасында музыкалық байқау ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысында өскелең ұрпаққа «Домбыра – бабалардан жеткен мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді.

«Қазағымның домбырасы күй тартса» іс-шарасы шеңберінде Шымкент жастары ұлттық музыкалық аспаптың тарихымен танысты.
08 шілде 2024 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031