Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағанды саябағында 200 домбырашы өнер көрсетеді

Қарағанды саябағында 200 домбырашы өнер көрсетеді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 шілдеде Орталық саябақ жағалауында Домбыра күніне арналған үлкен флешмоб-концерт өтеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми сайты.


Көрермендер музыка мектебінің 200-ден астам домбырашы-оқушылары мен оқытушыларының, сонымен қатар Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары орекстрінің өнерін тамашалайтын болады. Олар «Сарыарқа», «Адай» және «Балбырауын» сияқты танымал күйлерді сыйға тартпақ. 

"Домбыра күніне орай Қарағанды облысында апта бойы осы мерекеге арналған іс-шаралар өтеді. 4 шілдеде Достық үйінде «Ұлы дала перзенті» фестивалі ұйымдастырылады. Ал 5 шілдеде Шет ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайында – «Күмбірле қоңыр домбыра, саз байрағы!» іс-шарасы өткізіледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді. 
02 шілде 2019 ж. 1 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031