Ауа райының бұзылуына және дауылды ескертудің жариялануына байланысты жолда қауіпсіздікті сақтау жайлы еске салады.
istockphoto.com 1. Жылдамдықты азайтыңыз: Жазғы дауыл кезінде қатты жаңбыр мен жел болуы мүмкін. Оның салдарынан жол көрінбей, ілінісу нашарлайды. Жылдамдықты азайтып және қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз. 2. Кенеттен маневр жасамаңыз: Дымқыл жолда көлікті кенет бұру және тежегішті басу оның сырғанауына әкелуі мүмкін. Көлікті еркін жүргізіңіз. 3. Жарықты жағып айдаңыз: Жол нашар көрінетін кезде жақын жарық пен тұманға қарсы жарықты қосып айдаңыз. Себебі басқа жол пайдаланушыларға сіздің көлігіңіз көрінуі керек. 4. Терезе тазалағышты тексеріңіз: Терезе тазалағыштың істеп тұрғанын тексеріп, терезе жуғыш сұйықтықты толтырып алыңыз. Жауын кезінде сізге жол жақсы көрінетін болады. 5. Жолдағы сынықтарға дайын болыңыз: Қатты жел ағашты құлатып, оның сынықтары жолда шашылып жатуы мүмкін. Сондықтан мұқият болып, кедергілерден аулақ болыңыз. 6. Су басқан учаскелерді байқаңыз: Ешқашан терең су арқылы өтпеңіз. Судан шұңқырлар көрінбей, сіздің көлігіңізге зақым келуі мүмкін. 7. Ауа райыны бақылап жүріңіз: Ауа райыны жиі бақылап және жолдың жағдайы туралы хабарламаларды қарап отырыңыз. Өзекті ескертулер мен ұсыныстар бойынша хабардар болыңыз. 8. Қауіпсіз жерде тоқтаңыз: Дауыл күшейетін болса, онда ағаштар мен электр желісінен қауіпсіз жерде тоқтап, ауа райының жақсарғанын күтіңіз. Жолдағы сіздің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі сақтық шараны сақтап, мұқият болуыңызға байланысты.