Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 40°С ыстық болса, ШҚО-да бұршақ жауады

Қызылорда облысында 40°С ыстық болса, ШҚО-да бұршақ жауады


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталып тұр. Қазақстанның бір облысында күннің жылынуы байқалса, кейбір аймақта бұршақ жауып, дауыл соғуда. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.


5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С қатты ыстық күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%. 
05 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай. Күндіз кей жерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
5-6 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 6 шілдеде кей жерде қатты жаңбыр күтіледі.                    
"Петропавл қаласында 5-6 шілдеде найзағай ойнайды, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%", - делінген ведомствоның хабарламасында
5 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнаса, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
04 шілде 2019 ж. 905 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031