Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде алдағы күндері қандай ауа райы күтілетінін хабарлады.


"40 градустық ыстықтың басылуы және найзағаймен өткінші жаңбыр Қазақстанның оңтүстік өңірінде күтіледі. Бұл Оңтүстік Орал мен республиканың батыс аймақтарынан ығысатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Ал солтүстік облыстарына фронттармен бірге жоғарыдағы циклон ығысып, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің дауылды күшеюін, бұршақ және ауа температурасының орташа көпжылдық мәннен төмендеуіне алып келеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. 
2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 2 шілдеде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 2 шілдеде, тәулік бойы 3 шілдеде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерде 30 м/с және одан аса күтіледі. 3 шілдеде кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі.
"Петропавл қаласында күндіз 2, тәулік бойы 3 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 2 шілдеде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. 3 шілдеде жел екпіні 15-20 м/с күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-да.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-98%.

2 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.
Қостанай қаласында 2 шілдеде найзағай, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Сонымен қатар, 2 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Кей жерде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 2 шілдеде таңертең және күндіз батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 2 шілдеде шаңды дауыл, батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
Бұған дейін елордада алдағы күндері найзағай, дауыл, бұршақ күтілетінін хабарлаған болатынбыз.
01 шілде 2019 ж. 967 0