Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

«ҚазАвтоЖол» Telegram арнасында ауа райының күрт өзгеріп, кей өңірлерде қар түсуіне байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. «Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай көлік жүргізушілерін ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз. Қалыптасқан ауа райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы немесе https://t.me/qazavtojol сілтемесі арқылы білуге болады. «Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды», – деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетсек, кеше, 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қар жауғаны туралы жазған едік. Жергілікті басылымдар мен тұрғындар әлеуметтік желіде Петропавл мен облыс ауылдарының қар басқан көшелері түсірілген видеоны бөлісуде.
23 қазан 2023 ж. 84 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 35

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031