ҚОРҚЫТ АТА СЫЙЛЫҒЫН АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

Сұлушаш Бахтиярқызы – жеті жылдан бері журналистика саласында еңбек етіп келеді. Биыл сексен беске толған ата басылымда оқырман талғамынан шығатын дүниелерді өндіре жазып, өз шеберлігін көрсете білді. Әр алуан өзекті мәселелерді көтерген өткір мақалалары талғамы биік оқырманды бейжай қалдырмаған-ды. Бұған дейін де еңбегі еленіп түрлі облыстық, аудандық байқауларда топ жарған. Осыдан екі жыл бұрын «Үздік жас журналист» номинациясын да қанжығасына байлады. Осы тұста әріптесімізге әрі қарай да шығармашылық өрлеу тілейміз!
«Өскен өңір» ақпарат