Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны және барша португал халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентін құттықтады
 Akorda

– Ғасырлар бойы қалыптасқан терең тарих пен бай мәдени мұраға сүйене отырып, бүгінде Португалия өзінің орнықты даму, халқының әл-ауқатын жақсарту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Отаныңыз әрі қарай қарыштап өркендеуіне, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар алдағы уақытта елдеріміздің игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаға зор денсаулық, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас португал халқына құт-береке тіледі.
10 маусым 2024 ж. 205 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930