ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ
Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қоғамның тұрақтылығын нығайту маңызды міндеттің бірі болды. Осы ретте елдің ішкі ахуалын үйлестіріп, атқарушы билік пен азаматтық қоғам арасында байланыс орнатып, сапалы ақпарат алаңының қалыптасуын қамтамасыз ететін құзырлы мекеме жұмыс істеп бастады.
Расында, қоғамдық даму – мемлекет саясатының күретамыры. Ал аудандағы қоғамдық даму бөлімінің жүйелі жұмысы қалай жүргізілуде? Қандай жаңалықтары бар? Бұл сауалдардың барлығын біз дүйсенбі күні аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаевтан білдік. Ол жергілікті БАҚ өкілдеріне Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг берді.
Расында, қоғамдық даму – мемлекет саясатының күретамыры. Ал аудандағы қоғамдық даму бөлімінің жүйелі жұмысы қалай жүргізілуде? Қандай жаңалықтары бар? Бұл сауалдардың барлығын біз дүйсенбі күні аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаевтан білдік. Ол жергілікті БАҚ өкілдеріне Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг берді.
– Қоғамдық даму бөлімінің басты міндеті – мемлекеттік саясатты насихаттау, аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтауға күш жұмсау, діни ахуалды қадағалау, үкіметтік емес ұйымдар мен жастармен жұмыс істейді. БАҚ-пен қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік органдар мен мекемелерде мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналастырылуын, пайдаланылуын назарда ұстау, түрлі ұлт өкілдері арасында татулықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға күш салады. Міне, осының бәрі – идеология. Біздің бөлім жоғарыда аталған мәселелер бойынша аудандағы тиісті мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, бірқатар іс-шаралар жүргізеді.
Өздеріңізге белгілі, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 15 мамырдан бастап құжаттар қабылдау басталды. Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға қалыптастыру,отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы биыл он бірінші рет өткізілгелі отыр.
«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсын өткізу жайлы кент және ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына хат жолданды. Бүгінде облыстан 32 меже берілген болатын. Осы уақытқа дейін 5 өтінім жинақталды. Өтінімдер жинақталғаннан кейін комиссия отырысы өткізіліп, үздік деп танылған 2 отбасының құжаттары облысқа хаттамамен жолданатын болады, – деді ол.
Естеріңізде болса, 2021 жылы атаулы конкурс қорытындысы бойынша ауданнан Өтегенов пен Әбілдашев отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, жеті ауданнан суырылып шыққан. Соның нәтижесінде Жиделіарық ауылында тұратын Әбілдашевтар отбасы облыстан бас жүлде, республикадан лауреат атанып, 5 млн теңге жеңіп алды. Ал 2022 жылы «Мерейлі отбасы – 2022» байқауы қорытындысымен ауданның Байжановтар отбасы облыстан жеңімпаз атанып, республикадан лауреат атанып, 1 млн теңге қаржылай ұтып алды.
Брифинг барысында бөлім басшысы адамзат тарихындағы ең ауыр кезең 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мен Мемлекеттік рәміздер тақырыбына ерекше тоқталды. Өткенді таразыламай, болашаққа нық қадам жасай алмайтынымызға да көңіл бөлу керек деп атап өтіп, ұйымдастырылатын шараларға тоқталды.
– 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған аудандық іс-шаралар жоспары бекітілуде. Аудан әкімінің қатысуымен «Ұлы нәубет қасіреті мен тағылымы» атты М.Шоқай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі және митинг, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты театрландырылған қойылым, білім беру ұйымдарында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін өткізу, орталық кітапханада «Қасіретті жылдар құрбандары» атты кітап көрмесі, барлық музейлерде «Зобалаң жылдар жаңғырығы» тақырыбында көрмелер өткізілу жоспарлануда.
Сонымен қатар 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай кент және ауылдық округтерде, ауданның білім беру мекемелерінде Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, ұлықтау мақсатында патриоттық шаралар өткізіледі. Ұлттық маңызы бар мерекені атап өту және мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру мақсатында кент және ауылдық округтердің орталық алаңдарында, ірі сауда орталықтары, халық көп жиналатын орындарда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде Мемлекеттік Гимн бір мезгілде орындалады, – деді К.Шахизатұлы.
Жиын соңында мекеме директоры алдағы уақытта жоғарыда аталған жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жүйелі жұмыстар өз нәтижесін береді деп брифингті аяқтады.
Айнұр ИБРАШ
Айнұр ИБРАШ