Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “ҚЫЛҚАЛАМДА МӘҢГІЛІК ЕЛ БЕЙНЕСІ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

“ҚЫЛҚАЛАМДА МӘҢГІЛІК ЕЛ БЕЙНЕСІ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Қызылордада «Руханият жылы» аясында аймақ басшысының қолдауымен ұйымдастырылған «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты Халықаралық суретшілер симпозиумының салтанатты ашылуы өтті.
Симпозиумда Халық суретшісі Ә.Қастеев бастаған қылқалам шеберлерінің картиналары жас ұрпаққа насихатталып, мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау, бейнелеу өнерінің қазіргі бағыты мен дамуы туралы айтылады.
Салтанатты шарада Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов суретшілерге алғыс білдіріп, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі.
Халықаралық жиынға Өзбекстан, Қырғызстаннан, сондай-ақ республикаға танымал қылқалам шеберлері мен жергілікті суретшілер қатысуда.
Қылқалам шеберлері Сыр өңірінің тарихымен танысып, көрнекті жерлерін аралап, қаланың ескі келбетін және қазіргі өзгерістерді композицияға бейнелейді.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні «Өнер орталығында» өтетін мерекелік салтанатты шарада ұйымдастырылатын көрмемен симпозиум жұмысы қорытындыланады.
17 мамыр 2024 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930