Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды

Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды

ÒÑзÑлоÑдада ÑалÑÒаÑалÑÒ ÑÑÑеÑÑÑÐ»ÐµÑ ÑимпозиÑÐ¼Ñ Ð±Ð°ÑÑалдÑ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Халықаралық суретшілер симпозиумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынып отыр. Симпозиум  «Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат» атауымен өткізіледі. Аталмыш шараның мақсаты - талантты жастарға қолдау көрсету, бейнелеу өнері саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер мен талантты жас қылқалам шеберлерінің басын қосып, көркемсурет саласы бойынша пікірлесу, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру. Симпозиум аясында облыс орталығындағы Көркемсурет галереясына Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың есімі беріліп отыр. Халықаралық симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерімен қатар, елімізге танымал қылқалам шеберлері мен жергілікті белгілі суретшілер мен жастар келді. Олар бейнелеу өнерінің түрлі жанры бойынша салынған жаңа туындыларымен бөлісіп, өз шеберліктері мен қабілеттерін шыңдайды. Симпозиумға барлығы 20 суретші қатысуда. Симпозиум жұмысы бүгін, 13 маусым күні Қорқыт атаның жай тапқан жері - Қармақшы топырағынан басталды. Одан әрі Қамбаш көлінде жалғасын тауып, Қызылорда қаласында қорытындыланады деп жоспарлануда.  Симпозиум қорытындысы бойынша 25 маусымда Көркемсурет галереясында көрме ұйымдастырылады. Бұдан бұрын Қызылордада «Жас архивистер мен тарихшылар» клубы құрылғанын хабарлаған. 

inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-halykaralyk-suretshiler-simpoziumy-bastaldy_a3537577
14 маусым 2019 ж. 1 400 0