Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СУРЕТШІЛЕРДІҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ

СУРЕТШІЛЕРДІҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ

24 қараша күні «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қылқалам өнерінің бір туар азаматы, суретші Әбілқасым Сәрсенбаевты еске алуға арналған «Әбілқасымның әсерлі картиналары» атты аудандық суретшілер байқауы өтті.
Әлемде сан алуан суретші бар. Оның ішінде еңбегімен талайды таңғалдырғандар жандар қатары да жетерлік. Шынында сурет өнері бір тылсым дүние. Қиялға ерік беріп, ойға алған бейнені қағазға түсіресің. Оған қоса, біршама парақтардың бетін бояп, туынды жақсы шықсын деп талпынасың. Әрине, сурет салу сырт көзге оңай болып көрінер, бірақ көп шыдамдылықты қажет етеді. Әйтсе де, қиыншылықпен қолға алған сүйікті ісің нәтиже берсе де, қуанышыңды басқалармен бөлісуге асық боласың. Мінекей, осы сөздерімізге бір дәлел – ол суретшілер байқауы.
Негізгі мақсат – шежірелі Шиелі ауданының 95 жылдығына орай туған өлкенің өнерлі балаларының қабілеттерін ашу барысында Ә.Сәрсенбаевтың шығармашылық туындыларын танытып, жас ұрпаққа насихаттау.
Жарысты Шиелі аудандық Мәслихат төрағасы ­Айтбай Жандарбеков ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауда аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Әбілдә Абызбеков, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Болат Нұркеев төрелік жасап, өздерінің әділ бағасын берді.
Сайыс қорытындысымен бас жүлдені Сымбат Абдуллаева жеңіп алды. І орынды Жанерке Байзақова, ІІ орын Ақбілек Өтегеноваға бұйырды. Ал ІІІ орынды Айбын Махамбетжан мен Нұрай Асылбекова иемденді. Қалған қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттарын, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Айнұр ИБРАШЕВА
28 қараша 2023 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30