Жас суретшілер байқауы

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мектеп оқушылары арасында карантин талаптарын сақтай отырып, маскалық режиммен өткен сурет байқауында 16 үміткер бақ сынады. Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық қырларын ашып, дарынды жастарды анықтау және қолдау. Сонымен қатар танымдық қызығушылықтарға ынталандыру. Олардың туындыларын көпшілікке жария ету арқылы жас суретшілердің белсенділігін арттыруға бағытталды.
Қиялына қанат бітіріп, қылқаламын қолына ұстаған жас суретшілердің өнерін бағалаған қазылар «Ғажайып сурет» номинациясы бойынша 2 қатысушыны, «Сиқырлы қалам» номинациясымен 2 суретшіні марапаттады. Сондай-ақ шығармашылық ерекшелігімен дараланған 2 суретші «Шығармашыл жас» номинациясын иеленді. Байқау қорытындысын жариялап, барлық қатысушының өнерін бағалау мақсатында Алғыс хат берілді. Кеш соңын қорытындылаған Ынтымақ Боранбайұлы жас қылқалам шеберлерін жетістігімен құттықтады.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ