Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «EDTECH HACKATHON KYZYLORDA» IT ЖОБАЛАР ХАКАТОНЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«EDTECH HACKATHON KYZYLORDA» IT ЖОБАЛАР ХАКАТОНЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Облыста ақпараттық технологиялар мен цифрландыру бағытындағы жобаларды қолдау мақсатында жыл сайын ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдегі ІТ саланы дамытуға ниетті жастар үшін 17 мамырда «EdTech Hackathon Kyzylorda» облыстық IT жобалар хакатоны өтеді. Аталмыш байқаудың жай-жапсарын Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының жетекшісі Жанарыс Алтынбекұлы баяндап берді.
Облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан байқауға білім саласындағы IT жобалар қабылданады. Жоба мақсаты – стартап жобаларды одан әрі дамыту, талантты мамандарды іздеу, ақпараттық технологиялар, инновациялық және стартап жобаларды жарыққа шығару болып табылады. Үздік атанған жобаларға 500 000 теңге көлеміндегі қаржы беріледі. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталады. Хакатонға 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады және командамен қатысу мүмкіндігі қарастырылған,  деді Жанарыс Тубекбаев.
IT жобалар хакатоны Қызылордада алтыншы мәрте ұйымдастырылуда. Өткен жылы байқауға қатысуға 350 жас өтінім қалдырып, 120-ға жуық жоба қорғалды. Осы жылғы хакатонның бір ерекшелігі әр саланың жобаларын толық зерттеу үшін әр бағытқа бөлек байқау ұйымдастырылады. Осы жылы 4 мәрте үздік ІТ жобаларға арналған хакатон ұйымдастырылмақ. Айта кетейік, аталған байқауға www.kyzylordahub.kz тіркелу керек.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
14 мамыр 2024 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9220)

16 шілде 2024 ж.

№55 (9219)

13 шілде 2024 ж.

№54 (9218)

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031