Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бастауыш партия ұйымдарының төрағалары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

Қызылордада бастауыш партия ұйымдарының төрағалары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

Кеше партияның қалалық филиалына қарасты «Өрлеу», «Шұғыла», «Үміт», «Кәсіпкер», «Ақмаржан» бастауыш партия ұйымының төрағалары 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Өткен жыл бастауыш партия ұйымдары үшін толайым табысқа толы, үлкен іс шаралардың іске асқан жылы болды. Себебі, партиялық жобалардың ауқымы кеңейіп, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары бойынша бастауыш ұйым өкілдеріне жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында партияның қалалық филиалының кент пен ауылдық округтерден құралған бастауыш ұйымдарында ашық есік күндері өтті. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының аясын арттыруды тапсырғандықтан, 2023 жылдың соңғы тоқсанында бастауыш партия ұйымдарында аталған жоба бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде партияның қалалық филиалына қарасты бастауыш ұйымдары партиялық жарна қаражатынан шотқа кері қайтарылатын 20 процент қаржыға партиялық жобалар аясында шаралар өткізуде. Бұл игі іс шаралар партия мүшелерін қоғамдық жұмысқа белсенді қатыстырып, жобалар бойынша шаралар ауқымын кеңейту бағытында атқарылуда.ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮЗДІК ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҮНДІСТАНҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Бүгінде ақпараттық технологиялар күн өткен сайын қарыштап даму үстінде. Жыл өткен сайын бұл салаға қызығушылық танытатын оқушылар мен студенттердің саны артқан. Мамандардың сөзінше, ІТ саласымен айналысамын деген жастарға қазір үлкен мүмкіндік қарастырылған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңына ІТ саласында жетістікке жеткен жас ғалымдар келіп, БАҚ өкілдеріне өздерінің үздік жобаларын таныстырды.
– Қазіргі таңда ІТ бағыты қарқынды дамып, үздіксіз жаңа жұмыс орындарын ашатын саланың біріне айналды. Мемлекет басшысы ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде ІТ саланы серпінді дамытуға бағытталған жобалардың қолданысын кеңейтуді тапсырған еді. Бұл бағытта облыста да көптеген игі істер атқарылып жатыр. Сондай-ақ, 3 мамыр күні облыс тұрғындары арасында «KyzylordaHack» облыстық білім технологияларының хакатоны өтеді. Жүлде қоры - 500 000 теңге және бір оқу грантын құрайды. Биылғы байқаудың ерекшелігі - хакатон секциялары бойынша жеке-жеке байқау өтеді. Жыл соңына дейін 4 хакатон ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев.
– Мен өткен жылы "Chevron" компаниясы ұйымдастырған "Sustainability Living Lab" жобалар сайысына қатыстым. Жалпы, бұл жарысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен 6 білім алушы қатысуға өтінім беріп, 4 жоба финалдық кезеңге өткен еді. Нәтижесінде, 2 студент грант иегері атанды. Менің ұсынған жобам – "Smart Bench". Бұл университетіміздің бас оқу ғимаратының алдына күн панельдері орнатылған смарт орындықтар қоюға бағытталған жоба. Негізгі мақсаты – кампус ландшафтарын өзгертіп, экологиялық мәселелерді тұрақты шешіммен қамтамасыз ету және университетіміздің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу. Жалпы айтқанда, күн сәулесінен қуат алатын "ақылды" орындық. Ол әдеттегі орындықтардан қуаттау станциясы ретінде жұмыс істейтін кіріктірілген күн панелімен ерекшеленеді. Оның көмегімен бір уақытта бірнеше телефонды қуаттауға болады, - деді "SLL" байқауының жеңімпазы Саят Урикбаев.
– Мен 13-14 сәуір күні Түркістан қаласында өткен "Recodetau" деп аталатын республикалық хакатонға қатыстым. Байқау жайлы ақпаратты естігеннен кейін үздік деп танылған университет студенттері мен мектеп оқушыларынан "NeoNomad" атты арнайы команда құрдық. Хакатонға 18 бен 25 жас аралығын қамтитын 150-ге жуық адам қатысты. Байқаудың шарты бойынша біз берілген бизнесті цифрландыруға бағытталған 8 тақырып және қосымша табиғи апаттар кезінде жедел әрі оңтайлы шешім шығаруға бағытталған жоба жасауға мүмкіндік алдық. Командамен ақылдасып табиғи апаттар мәселесін шешуге бел будық. Нәтижесінде, "ReDabyl" атты жобаны әзірледік. Бұл су тасқыны секілді табиғи апат кезінде жұмыс істеуге арналған мониторинг және алдын ала болжаудың кешенді жүйесі. Жобаның басты міндеті – сенсорлар нақты уақыт режимінде өзен арналарының бойында орналасқан су деңгейін және басқа параметрлерді үздіксіз бақылайды. Су тасқынын көрсететін шекті мәннен асқан кезде сенсорлар автоматты түрде жауапты органдарға дабыл туралы ақпаратты жібереді. Осылайша, мамандандырылған бригадаларды дәл қажет жерге жіберу арқылы жұмыс күшін азайтуға және автоматизациялауға көмектеседі. Бұл байқау бүгінге дейін жинаған тәжірибеміздің жемісі болды. Командалық жұмыстың арқасында 1 орын иеленіп, Үндістан мемлекетіне 10 күн тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік, - деді "ReDabyl" жобасының мүшесі Раушан Тұрғанбай.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 сәуір 2024 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930