Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жеке куәлігі жоқ 14 мыңнан астам адам анықталды

Алматыда жеке куәлігі жоқ 14 мыңнан астам адам анықталды

Алматы қаласының полициясы 14 мыңнан астам алматылықтың алғашқы жеке куәліктерін алмағандығын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы көші-қон қызметі заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарда он алты жастан бастап берілетін ҚР азаматының жеке куәлігі болуы керектігін айтты.

Алматыда 16 жастан асқан 14 мыңнан астам адамның жеке куәлігі жоқ. 16 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:

– 16 жастағы адамның туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;

– құжатталатын адамның өзінің болуы;

– ата-аналардың біреуінің немесе заңды өкілдің міндетті түрде қатысуықажет.

Құжаттарды өңдеу уақыты демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 15 жұмыс күнін алады.

Сондай-ақ құжатты жеделдетілген түрде дайындау қызметі бар:

– 1-санат бойынша құжат дайындау 1 жұмыс күнін алады (тіркеу күні қосылмайды) құны 3011 теңге 12 тиын.

– 2-санат бойынша құжат дайындау 3 жұмыс күнін алады (тіркеу күні қосылмайды) құны 1581 теңге 14 тиын.

«Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатсыз бір айдан астам уақыт тұру Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 493-бабының ережелеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймыз», - делінген Polisia.kz сайтының хабрламасында.
02 мамыр 2024 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9220)

16 шілде 2024 ж.

№55 (9219)

13 шілде 2024 ж.

№54 (9218)

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031