Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Апостиль қою туралы не білеміз?

Апостиль қою туралы не білеміз?

Құжаттарға апостиль қою Халықаралық қарым-қатынастардың терең дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатты екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады. Құжаттың заңды маңыздылығын қалай растауға болады және ол үшін не қажет? Осы сұрақпен құзырлы орындарға жүгінетін азаматтар аз емес.
Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп).
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі-портал)www.egov.kz (арқылы электронды түрде, апостиль қоюға өтінішті «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұрау салуды қарау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.
Құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оларды қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қарауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді, ал құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы түскен жағдайда апостиль қояды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін берудің 3 тәсілі бар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал);
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Апостильдi қоюға жататын ресми құжаттар ретiнде:
-мемлекеттiк органдардан және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай-ақ сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкiмдерден және басқаларынан шығатын құжаттар;
-нотариаттық расталған құжаттар;
-ресми белгiлерi бар құжаттар,визалар, тiркеу туралы белгiлер, нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау және басқалары қабылданады.
Апостиль: шетелде Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi жасаған құжаттарға; коммерциялық немесе кеден операцияларға қатысы бар құжаттарға; ерекшелiктер болып мынадай құжаттар саналады: мемлекеттiк органнан шығатын жарғылар мен құрылтайшылық құжаттарға, патенттiк және өзге де құжаттамаға қойылады.
Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылуы мүмкін.
Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилi бар парақ кез келген түстi жiппен (не арнайы жiңiшке баумен, лентамен) бiрге тiгу жолымен бекiтiледi және нөмiрленедi, бұл туралы «жұлдызшада» тиiстi жазу жүргiзiледі.
Құжаттардың соңғы парағы бекiтiлу орнында елтаңбалық мөр қойылатын «жұлдызшамен» желiмденедi. Бұл ретте қойылған мөрдiң бедерi «жұлдызшада» және парақта бiрдей орналасуға тиiс.
Бекiтiлген парақтардың саны апостильдi қоятын адамның қолымен расталады.
                                                        Шиелі аудандық соты әкімшісінің
                                                        басшысы С.Б.Сержанов
16 ақпан 2024 ж. 115 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 57

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930