Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою


Сурет ашық дереккөз

Апостиль дегеніміз – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның тұпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба болып табылады. Ол бізге не үшін керек, деген сауал туындауы мүмкін. Жалпы апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды.

Бұған байланысты қажетті құжаттар тізбесі мен оның қолданылуы, өтініш беру үлгісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  шешімімен қабылданған 2020 жылғы 13 сәуірдегі «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы заңнамада айқын көрсетілген.
Аталған заңнамаға сәйкес бұл мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілген қызметті берушіге  «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде өтініш бере алады. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін соттың жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылығын, қол қоюшының қолынын сәйкестігін, соттың мөртаңбасының тұпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексеру жұмыстарын жүргізеді.            
Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің  сотына тікелей барып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгіну керек.
Өтініштерді мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін  берудіжүзеге асыратын ұйымдарға, «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды. Сондай-ақ біріңғай байланыс орталығына көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және қызмет көрсету тәртібі туралы және қызмет көрсетуші Қағидаға енгізілген тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде жібереді.
Кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соты
16 қараша 2023 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930