Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Апостильдеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Апостильдеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Апостиль - бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) /бұдан әрі ЖССҚҚД/, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың тізіміне Мемлекеттік корпорация, ЖССҚҚД-нен бөлек тағыда «электрондық үкіметтің» веб-порталы қосылған.
ЖССҚҚД басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №239 бұйрығымен бекітілген «сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына» 2019 жылғы 13 мамырдағы №4 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түріндегі нысанда көрсетіледі.
Электрондық нысанда өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz /бұдан әрі - портал/ арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, порталда апостиль қоюға электрондық өтініш беру сервисін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Single Sing-on технологиясы арқылы апостиль қою туралы өтініш «Сот кабиенті» сервисіне түсіп, онда өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік баж төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.
Порталда көрсетілген қызметті алушының «Жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (салық кодексі) 615-бабының 7) тармағына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынатын мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі /бұдан әрі ЭҮТШ/ арқылы төленеді.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі – құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, бір жұмыс күн.
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
 Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша қабылдау портал арқылы электронды кезек брондалуы мүмкін.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі  (сканерленген көшірмесі);
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Мелекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мекен жайы, мына интернет ресурстарда орналастырылған:
  1. Көрсетілетін қызмет беруші: www.sud.gov.kz;
  2. Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz.
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, яғни 1414, 8 800 080 7777 арқылы ала алады.
Шиелі аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі                                                                            Ә.Н.Төлеген
18 маусым 2019 ж. 506 0