23 сотталғанның жеке куәлігі қайта қалпына келтірілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің арнайы есепке алу тобы сот үкімімен мекемеге қабылданған жазасын өтеушілерді жеке істерімен қабылдап, зерделеу жұмыстарын жүргізеді.
Жеке істерінде қателіктер анықталған жағдайда сот үкімі шығарылған соттардан түсіндірме сұратылады. Сондай-ақ жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен де айналысады. Қалалық көші –қон полиция басқармасына құжаттандыру бойынша сұраныс хат жолданады. Одан әрі көші –қон қызметкерлерімен бірлесе құжаттандыру мәселесінің жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан 23 сотталғанның жеке куәлігі қайта қалпына келтірілген.
– Мекеменің арнайы есепке алу тобының аға инспекторы әділет капитаны Мерей Табылғанованың айтуынша мерзімі жақындаған жеке куәліктерін уақыт созбай қалпына келтіріп береміз. Мекемеде сотталғандарды құжаттандыру мәселесі бірінші кезекте қойылады. ҚАЖ мекемелерінен босатылғаннан кейін жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. Мекемеден жыл басынан 150-ден астам жазасын өтеуші босатылды, – дейді әділет капитаны М.Табылғанова.