Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті

Қызылордада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Қараөзек және Талсуат ауылдық округтерінің тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Нақтырақ айтқанда, жоба шеңберінде түрлі сала мамандарынан құралған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» ауыл тұрғындарын қабылдап, олардың көкейінде жүрген сауалдарына заң аясында жауап берді.

Мобильді топтың құрамына заңгерлер, мемлекеттік кіріс және әділет, денсаулық және білім салаларының мамандары, адвокаттар, сондай-ақ жоба волонтерлері қосылды.

Тұрғындардың негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, жергілікті жолдардың жай-күйі, өңірдегі газ тарату мәселесі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, мемлекеттен несие, жеңілдіктер мен субсидиялар алу мәселелеріне қатысты болды.

Мамандар 50-ге жуық ауыл тұрғынының жеке мәселелері мен дауларына қатысты кеңестерін беріп, тиісті көмектерін көрсетті.

Қабылдау барысында азаматтардың жүгінген мәселелері Департамент басшылығының бақылауына алынды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың» жоспары – алдағы уақытта облыстың барлық аудандары мен шалғайдағы елді мекендерін аралау.
19 сәуір 2024 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031