Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмек керуені жолға шықты

Көмек керуені жолға шықты


Су басқан өңірдегі ағайынға тілектестік танытып, жан-жақтан жәрдем қолын созып жатқандар аз емес. Бұл ретте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді тапсырды. Бұған дейін де қызылордалықтар Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданына 25 жүк көлігіне тиелген 83 млн теңгенің 112 тонна азық-түлік, көрпе-төсек, дәрі-дәрмек, құрылыс заттарын, 50 млн теңгенің 20 тонна жемшөбін жеткізіп, ашылған есепшоттарға 2,5 млн теңге аударған еді.  Осы көмек керуенінен кейін де жәрдем жасауға ұмтылғандар қатары толастаған жоқ. Қала және аудан әкімдіктері ұйымдастырған «Күшіміз – бірлікте!» акциясына облыстың жанашыр азаматтары мен еріктілер үлес қосып келеді.
Сәрсенбі күні аймақтағы ірі мұнай компанияларының бірі  – «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыс­тарына 50 млн теңгенің 120 тонна қайырымдылық көмегін жеткізетін керуенді жөнелтті. Азық-түлік, газ плиталары, қайықтар мен құрал-саймандар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек тиелген 10 жүк көлігі жолға шықты. Оларға облыстық мәслихат төрағасы, «Amanat» партия­сы облыстық филиалының жетекшісі Наурызбай Байқадамов, «Торғай Петролеум» АҚ бас директоры Дәурен Әбілқайыров сәт сапар тіледі. Қайырымдылық керуенін және еріктілерді айтыскер ақын, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов бастап барады.
Қазір Қостанай, Ақтөбе облыстарында қызылордалық 66 құтқарушы, 9 арнайы техника, 4 қайық пен 20 мотопомпа жұмыс істеп, тасқынға тосқын болып жүр. Өзге де өңірлерге де жәрдем көрсету үшін «Жастар орталықтары», сауда үйлері мен базарларда ашылған пункттерде әлі де гуманитарлық көмек жинақталып жатыр.
 
Қызылорда 
egemen.kz
12 сәуір 2024 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

№85 (9249)

25 қазан 2024 ж.

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930