Еріктілер жұдырықтай жұмылды
Волонтерлер атыраулықтарға көмекке жетті. Апаттан зардап шеккен ағайынға «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының қолдауымен азық-түлікпен қатар жылу генераторлары, киім-кешек және қайықтар жеткізді.
Бүгінде төтенше жағдай уақытында жастар қанатының 2 мыңнан аса волонтері билікпен бірлесе, халыққа жәрдем беріп жатыр. «Күшіміз – бірлікте!» деп ұрандатқан олар Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысында жүр. Бірі тасқыннан тосырқап қалғандардың ас-ауқатын үйлестірсе, енді бірі қарғын суға қарсы бөгет жасақтап жатыр.
– Атырау облысын су басу қаупі бар дегенді естіп, бірден Астана қаласынан жолға шықтық. Ақтаулық еріктілер де қол қусырып қалмады. Қазіргі таңда құм толтырылған қапшықтардан бөгеттерді орналастыру, тұрғындарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау бойынша жұмыстарға белсене араласып жатыр. Сондай-ақ «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының қолдауымен Бейнеу ауданы мен Атырау облысындағы эвакуацияланған тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізілді. Түні бойы біздің волонтерлер оларды сұрыптап, таңда халыққа табыстады. Қызыл су жайлаған аймақтарда күндіз-түні жұмыс істеп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген құтқарушыларға ауызашар уақытында ыстық тамақ пен шай үлестіріп жатырмыз. Жалпы, еліміз бойынша еріктілердің көмегімен 20 мың инерттік материал толтырылған қапшықтардан бөгеттер орналастырып, аймақтар барлығы 250 тонна гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етті. Су тасқыны сейіліп, жағдай орныққанға дейін еріктілер күші халыққа көмек көрсетуге жұмылдырылады. Жыл бойы қауіпсіздік іс-шаралары қамтылған арнайы курстардан өткіздік. Халықаралық лагерьге де арнайы мамандарды шақырып, дәрістерін тыңдаған едік. Осы сәтте барша еріктілерге шексіз алғысымды білдіргім келеді, – деді «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова.
Еріктілердің басын біріктіріп, тәулік бойына көмек көрсетіп жүрген «Жастар рухы» ЖҚ Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы қолұшын созғысы келетін азаматтар көбейіп жатқанын айтты.
Осылайша, Атырау облысында тынбай еңбек етіп жүрген волонтерлердің қатарынан табылғандардың бірі – ақтаулық Аманбек Сайлауов.
– Елімізде орын алған жағдайға бейжай қарай алмадық. Бір топ маңғыстаулық рухтастар болып Атырау облысына келіп жеттік. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бірігіп қолдан келген көмекті көрсетеміз, – деді Аманбек.
Сондай-ақ оңтүстік аймақтардағы еріктілер де шет қалмады. Шымкент қаласы мен Қызылорда, Түркістан облыстарының рухтастары батыс өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, оны аймақтарға жеткізіп, үлестіру жұмыстарына атсалысты. Атап айтсақ, Түркістан облысы – 30 тонна, Шымкент қаласы – 20 тонна, Қызылорда облысы 45 тонна көмек жөнелтті. Ал астаналық волонтерлер Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек дайындады. 20-ға жуық волонтер Қарағанды облысының Шет ауданының шалғай ауылдарына барып, тікұшақ арқылы жедел жәрдем жұмыстарына қатысты.
Айта кетейік, «Жастар рухы» ЖҚ филиалдары жанынан жедел әрекет етуші Республикалық волонтерлер штабы құрылды. Мұнда апаттан зардап шеккен азаматтар мен Жастар қанаты волонтерлерінің қатарына қосыламын дейтін жастар жүгіне алады. Штабтардың байланыс нөмірлері Жастар қанатының Instagram әлеуметтік желісіндегі @jastar_ruhy парақшасында көрсетілген.