Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны басталғалы 97 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Су тасқыны басталғалы 97 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Тасқынға байланысты елдің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай режимі енгізілген.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде айтты.

Кейінгі мәлімет бойынша, азаматтық қорғау қызметтері 97 мыңнан астам адамды, оның ішінде 32 мыңнан астам баланы құтқарып, эвакуацияланды. Қазіргі таңда уақытша орналастыру бекеттерін 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала паналап жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқару органдарының күшімен 8 миллион 800 мың текше метрден астам қар суы сорылды. 1 миллион 400 мыңнан астам қап және 1 миллион 100 тонна инертті материал төселді, — деді ол.

ТЖМ өкілі тасқын салдарымен күреске 215 әуе көлігі тартылғанын атап өтті.

Авариялық құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам, 3 мыңға жуық техника және 15 әуе кемесі жұмылдырылған. Еліміздің 8 өңірінде: Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстарында жергілікті аумақтағы 29 төтенше жағдай режимі енгізілген, — деді Ерасыл Сайпаш.
11 сәуір 2024 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031