Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны: 7 облыс жедел штаб бақылауында тұр

Су тасқыны: 7 облыс жедел штаб бақылауында тұр

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны ахуалы бойынша соңғы мәліметтерді жариялады.

Су тасқыны: 7 облыс жедел штаб бақылауында тұр
Фото: ОКҚ

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6000-нан астам адам, 3000 бірлік. техника және ТЖМ, Қорғаныс министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ұлттық Ұланнан 12 әуе кемелері жұмылдырылған.
Республикалық жедел штабтың бақылауында 7 облыс, атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары.
Cу тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 7 783 адам, оның ішінде 2 800 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша қоныстану тіректеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала  құтқарылып, эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 млн. астам текше метр еріген су алынды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді.
30 наурыз 2024 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930